«Ерекше оқырман кітапханашысы» байқауы

Құрметті әріптестер!


«Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» 2018 жылы «Ерекше оқырман кітапханашысы» атты  байқауы жариялаған болатын.

     Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін кітапханалық қызметті жетілдіру, қоғамдағы кітапхананың орны туралы мүгедектердің көзқарасын анықтау, кітапханашылардың шығармашылығы мен ізденімпаздығын арттыру мақсатында байқаудың І кезеңіне дайын жұмыстар 2019 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетінін хабарлаймын.

І кезең шарты:

«Қаламы жүйрік кітапханашысы» эссе.

     Мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапханалық қызмет, кітапхананың қоғамдағы орны, кітапхана (кітапханашы) қызметінің болашақ бағдары, тың идеялары туралы жұмыс. А4 көлемді қағазда 5 стандартты беттен аспауы тиіс, шрифт Times New Roman, көлемі 14, интервал 1,5 см. Титул бетінде кітапхана атауы, автордың аты- жөні, жұмыстың тақырыбы көрсетіледі.

    Байқауға қатысу үшін материалдарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекенжайына жіберу

«Ерекше оқырман кітапханашысы» байқауының ережесі

 

  1. 1.                 Жалпы ережелер

Осы Ереже «Ерекше оқырман кітапханашысы» байқауының  мақсаты мен міндетін, өткізу тәртібін айқындайды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру кітапханалар жұмысының негізгі бағыты болып табылады. «Мүгедектерді оңалту» бағдарламалары аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың оқуын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, қызығушылықтарын дамыту және демалыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыс кітапханалары жұмыстарын жаңаша бағытта жетілдіруде игі бастамаларды қолға алуда. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы келісімшарт негізінде облыстың барлық аудандарындағы орталық кітапханаларға стационардан тыс қызмет көрсетуші әдістемелік орталық болғандықтан кітапханалардың озық тәжірибелерді насихаттау, тарату және үздік мамандарды ынталандыруды жүзеге асырады.