Кітапхана

Кітапхана кеше:

          Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы - облыстағы барлық зағип және нашар көретін азаматтарға, олардың отбасыларына, мектеп оқушылары мен Ақтөбе облыстық Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнында еңбек ететін  көз мүгедектеріне қызмет көрсететін бірден-бір рухани-  мәдени орталық. Аталмыш мекеме Қазақ ССР мәдениет министрінің 1969 жылғы 12 ақпандағы №12 бұйрығына сәйкес 1969 жылдың 8 қазанында құрылды. Сол кездегі кітапхана оқырмандарының саны–179.Кітапхананың жалпы қоры –3949 дана, келушілер саны– 1221, кітап беру – 1738 дана.

Кітапхана бүгін:

Кітапхананың 1243оқырманы бар. Кітаптың жалпы қоры 39721 дана, оның ішінде 11983 данасы мемлекеттік тілде, келушілер саны – 20680, кітап беру – 33571 дана, арнаулы әдебиеттердің жалпы саны – 22033 дана, соның ішінде дыбыстандырылған әдебиеттер – 13982  дана, мемлекеттік тілде – 3832 дана, нүктелі-бедерлі әдебиеттер – 5785 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 463 дана, СД дискіде – 2266 дана, мемлекеттік тілде – 999дана. ААЖ – ҚР АҚ бағдарламасымен қамсыздандырылған.

Кітапхана қызметінің   басым  бағыттары:  

  •  Кітапханадағы кітап қорын оқырман және заман талабына сай етіп толықтыру;
  •  Кітапханалық және кітапханадан тыс қызмет түрлерін  жетілдіру;
  •  Әр оқырманның рухани дамуына ықпал ету;
  •  Жаңа технология үрдістерін  енгізу;
  •  Мүмкіндігі шектеулі  оқырмандарды заман талабына  сай тифлокомпьютермен жұмыс жасауға үйрету;
  •  Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға бос уақыттарын  тиімді пайдалануларына мүмкіндік жасап, олар үшін  мәдени, рухани орталығын құру.