«Аялы алақанның» шапағаты.

18 ақпанда облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешіті қызметкерлерімен бірлескен «Ақтөбенің аялы алақаны» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шара кітапхананың жұмыс жоспарында бар болатын. «Нұр-ғасыр»  мешітінің бас имамы, мешіт жанындағы ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілдігі мен мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсы жетекшілігіне қайырымдылық акциясын зағип жандардан бастауды тапсырған екен. Екі мекеменің де мүддесі бір жерден шыққандықтан мешіттің найб-имамы  Асхат Қанай бастаған топ бұл шараны бірлесіп өткізуді ұсынды. Өз ара іскерлік келісім барысында Мешіт өкілдері ҚСҚ жанындағы Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорнында еңбек еткен 50 адамға азық-түлік пакетін тегін таратты.

«Тәуелсіздік шежіресі» зияткерлік ойын

2016 жылдың 29 ақпан күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты «онлайн» режиміндегі зияткерлік ойын болып өтті.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png