«Әз Наурыз – желмаясы ізгіліктің»

2017 жылдың17 наурызы  күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған  «Әз Наурыз – желмаясы ізгіліктің» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Нәзік жүректер нақышы

2017 жылдың 6 наурызы  күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Нәзік жүректер нақышы» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

         Кештің жүргізушілік тізгінін кітапханамыздың бөлім меңгерушісі  Даметкен Шынтаева мен аға кітапханашы Наталья Мальцева алды. Шара шымылдығы  кітапханамыздың директоры Нұрлыбек Қалауовтың  әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтау сөзімен  ашылды.

Алғыс айту күні

     Алғыс айту күніне жоспарланған екінші шара №15 жалпы білім беретін орта мектепте жалғасын тапты. Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара  9,10 және 11 сынып оқушылары арасында өтті.

Алғыс айту күні

       Арнаулы кітапхана ұжымы көктем шуағы мен ілесе келген Алғыс айту мерекесін кеңінен насихаттап, жалғастырып, маңызы мен құндылығын арттыру үшін биылғы шараны Қарттар Үйінен бастады.  Шара барысында арнаулы китапхана директоры Н. Қалауов: 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  №173 Жарлығы бойынша жарияланған алғыс айту күнін мерекелеудің құндылықтар туралы айтып өтті.

Оқырмандар белсенділігімен өткен кеш.

4 тамыз күні  облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Елім қорғаным» атты тарихи – танымдық кеш өтті.

Арнаулы кітапхана және «Ақ орамал»

Қазақстан  халқы Ассамблеясының Хатшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған  «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету  және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар Кеңестерінің басшылығымен ұйымдастырылып отырған «Ақ oрамал» Республикалық акциясын қолдау мақсатында Ақтөбе облыстық зағиптар және  нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы бірнеше шаралар өткізді.

Арнаулы кітапханадағы жаңалық

Осы жылғы маусым айының 27-сі мен шілденің бірі аралығында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Республикалық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының мамандары іс сапармен келіп, әдістемелік және практикалық тұрғыдан көмектер көрсетті.

«Денсаулық»

 

Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және нашар көретін құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық фестивалі» атты кен көлемді акцияға 7-12 маусым аралығында облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы жоспарлы апталық шаралар өткізді.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png