"БІР ЕЛ- БІР КІТАП"

23 сəуір- Дүниежүзілік кітап жəне авторлық құқық күніне орай , арнаулы кітапхана "Ақтөбе білім- иновация лицейінде "библиокафе " ұйымдастырды. Шара барысында республикалық "БІР ЕЛ- БІР КІТАП" акциясына жасақталған көрмеге шолу жасалып, оқушыларға түрлі сұрақтар қойылды. Əр оқушы оқыған кітаптары жайында баяндап алған əсерлерімен бөлісті.

"2019 жыл- Жастар жылы"

19.04.19 ж. Ақтөбе облыстық зағиптар жəне нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен "2019 жыл- Жастар жылы" Жастар арасындағы өзекті мəселелерге арналған дебат өтті.
Дебатқа Қ.Жұбанов атындағы университетінің "РИТОР зпк" клубы мүшелері қатысты.Өткір тілді жастар түрлі тақырыпта сөз жарыстырып,І орынды "Оппозиция" тобы ,ІІ орынды "Үкімет"тобы иеленді .
Шара Елеусізов Əлібек Нұртайұлы бастаған "Алаш"мүгедектер қоғамының коворкинг орталығында өтті.

«Төзімі темір, жігері жалын жандар бар»

10.04.19 ж. Арнаулы кітапхананың оқу залында жазушы Иманғазина Бибігүл Қабиқызының «Тауқымет» романын талдауға арналған «Төзімі темір, жігері жалын жандар бар» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Роман кең көлемде талқыланып «АҢЫЗ-КЕЙУАНА- БИБІ-АНА» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Қ. Жұбанов атындағы филология факультетінің студенттері қатысты.

«Қош келдің әз Наурыз»

14 наурыз көрісу күніне орай А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Қош келдің әз Наурыз» атты мерекелік шара болып өтті. Өнерпаз жастар ұлттық аспаптармен күйтартып, халық әндерін, атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жанды дауыста шырқады. «Мұрагер» ансамблінің өнеріне кітапхананың ерекше оқырмандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде оқырмандар өнерлі жастарға өз ықыластарын жеткізді . Сондай-ақ барша мерекелік шараға қатысушыларды Әз -Наурыз мейрамымен құттықтап келген «Айс Плюс» ЖШС сүт зауыт мекемесі меймандарға ақ мол болсын деген ниетпен сүт өнімдерінен дәм татқызды. Кітапхана қызметкерлері өздері дайындаған бауырсақты көпшілікке таратты.

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік шара өтті. 
Мерекелік шараға кітапхана ардагерлері Наталья Владимировна мен Ағиба Қойташқызы келіп қатысты. 
Кітапхананың тұрақты оқырмандары Василий Кошарный мен Зоя Лобыкина мерекелік көңіл күймен ән шырқады. 
«Ана - өмірдің шуағы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға насихатталды. 
Кеш соңында оқырмандармен естелік суретке түсіп, мерекелік дастархан жайылды. Қонақтар кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. 

«Аппақ әлем, мен саған қарай берем»

Аппақ әлем сиқырымен зағип жандарға нұр сыйлаған ақынның кеші болып өтті. 
Кеш барысында мерейтой иесіне арнап қазақстандық ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, журналист, ҚР жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет пен замандас досы , ҚР жазушылар одағының кеңесшісі, ақын Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы эксклюзив видео-құттықтау жолдады. 
Ақын сөзіне жазылған танымал «Жанымның нұры жан анам»,«Білмеймін сені баласындым ба» Т. Әшімбекованың, Д. Таңатаровтың орындауындағы әндері шырқалды. 

"Қазақтың қара өлеңі-құдіретім"

Сүйінші оқырмандар! Қадірлі жыр сүйер қауым! 23 ақпан қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали ақынның туған күніне арналған "Қазақтың қара өлеңі-құдіретім" көркемсөз оқу байқауынан кітапхананың кішкентай оқырманы Мукашева Томирис Асқарқызы ГРАН-ПРИге ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Шаңғы жарысы

Ақпанның 14-ші жұлдызында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шаңғы жарысы өткізілді. Ұжым атынан Ә. Жарқын мен Г. Тетегулова белсене қатысты.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png