«Рухани жаңғыру-Ұлттық рухтың жаңғыруы»

 

      Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының «Бәсекелік қабілет»  бағыты ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді.

Жүрекпен сезер әлемнің жарық дүниесін...

Таяуда ғана Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  көз мүгедектігіне қарамастан өз тағдырластарына үлгі болып жүрген шалқарлық жас ақын Аманжол Мұқанбетқазиевтің жүрекжарды жыр маржандарынан өрілген «Қазағыма ризамын» атты дыбыстандырылған үнтаспасының тұсаукесері болып өтті. Жас ақын бұл үнтаспада өзінің ақындық өнерінің қай кезеңнен бастау алғанын, шыққан биігін, қоғамдағы орнын көрсетуге тырысқан. Күнделікті өмірде мән бермей, тіпті елемей өтетін тұстар ақын назарыннан тыс қалмапты.

"Балғын балалар-біздің болашағымыз"

1 маусым күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай зағип оқырмандардың балаларына арнап "Балғын балалар-біздің болашағымыз" атты мерекелік шара өткізді.

Награждение

Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы  кітапхананың аға кітапханашысы  Наталья Мальцева Владимировна  "Үздік кітапханашы 2017" атағымен және Облыс әкімдігінің арнайы сыйлығымен және  кітапхана библиографы  Қарлығаш Балтабаева  «СМСАҚ кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігінің  Ақтөбе облыстық филиалы төреағасының алғыс хатымен марапатталды.

«Бабалар рухына тағзым»

18 мамыр күні  облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұжымы Есет ата Көкіұлы кесенесіне барып  «Бабалар рухына тағзым»  атты танымдық шара өткізді. Шараны ашқан осы кітапхананың директоры Г.Г.Хамзина қазақ мемлекеттігін құрудағы халық батырларының қосқан үлестері туралы жан-жақты шолу жасап, Есет Ата Көкіұлы туралы тарихи деректер туралы әсерлі әңгіме айтты.Ата кесенесіне зиярат етуге келген Ақтөбе, Алға қаласының және Бестамақ ауылының тұрғындары Есет Атаның жеті атасы туралы, Бұқарадағы Көкілташ медресесінің тама Көкі батырға қатысы туралы, т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

9 мамыр Жеңіс күніне арналған тарихи кеш

2017 жылдың 04 мамыр күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіс – ұрпаққа ұлағат»тақырыпта тәрбиелік, танымдық  маңызы зор тарихи кеш болып өтті.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік кеш

                                                

 27 сәуір   күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  «Ел бақыты – халық бірлігі» атты мерекелік кездесу кеші болып өтті.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png