«Простые и быстрые блюда»

15.02.2018 ж. облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Руханият» қызығушылық клубы аясында Ақтөбе сервис колледжінің кондитер шеберлерінің қатысуымен «Простые и быстрые блюда» библиокафесі өтті. Бұл шараға кітапхананың мүмкіндігі шектеулі оқырмандары қатысты. 
Мақсаты: оқырмандарымызға тез және жылдам дайындалатын ас мәзірімен таныстыру. Масленница мейрамының тарихы мен апта күндерінің өзіндік ерекшеліктерін таныстыру.

«Жизнь как жизнь»

«Руханият» қызығушылық клубы аясында тыңдалған Ю. Сбитневтің «Жизнь как жизнь» аудиоспектаклінің ақпараты

Бүгін 08.02.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Ю. Сбитневтің «Жизнь как жизнь» аудиоспектаклінің тыңдалымы өтті.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету.

«Будьте моим мужем»

«Руханият» қызығушылық клубы ұйымдастырған Тифлотүсініктемелі кино ақпараты

Бүгін Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында тифло-түсініктемесі бар «Будьте моим мужем» атты көркем фильм көрсетілді.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізуге арқылы өзара қарым қатынасты нығайтуға ықпал ету, комедиялық қойылым арқылы өмірлерінің көлеңкелі сәттеріне шуақ сыйлау. 

«Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»

13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңына орай, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

«Арыстарым – ардағым»

 Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  Алаш қозғалысының ғасырлық тойы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Арыстарым – ардағым» атты тарихи кеш болып өтті.

   Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңдіру, еліміздің болашағы болып табылатын жастарға Алаш идеясын ұстанған ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси қызметі мен ұлттық партия құру идеяларын дәріптеу және осы идеяларды бойларына сіңіре отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

«Кім шапшаң?»

Жылдағы дәстүр бойынша  көру мүмкіншілігі шектеулі оқырмандар арасында «Кім шапшаң?» атты Брайльша оқу  сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында зағип оқырмандар Брайльша терілген "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында таңдалып алынған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан жинақталған кітапша мен "Оқиты өлке" акциясы бойынша Қажығали Мұқамбетқалиевтің шығармаларынан жинақталған көрсеткішті оқыды. Сайыстың мақсаты: көру мүмкіншілігі шектеулі оқырмандарды  Брайль жүйесі бойынша, бедерлі –нүктелі әріппен терілген әдебиеттерді оқуға деген ынтасын арттыру, кітап қорымыздағы әдебиеттерді насихаттау.  Сайыста «Кім шапшаң?» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, «Халықаралық соқырлар күні» атты слайд  көрсетілді. Шараға қатысушылар үш топқа бөлініп сайысқа түсіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

«Салауатты өмір салты–сіздің денсаулығыңыздың кепілі» атты ашық есік күні өтті

8 қараша күні  «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ң қатысуымен «Салауатты өмір салты–сіздің денсаулығыңыздың кепілі» атты ашық есік күні өтті. Ашық есік барысында  арнаулы кітапхананың оқу залында «Арасан Ақтөбе»  ЖШС-нің дәрігерлері  көз мүгедектері мен олардың отбасы мүшелерін толық медициналық тексеруден өткізіп кейбіреулеріне тегін кеңестер мен жолдама берді. Шара соңында бірінші топтағы көз мүгедектері осындай қамқорлықтар жасағаны үшін «Арасан-Ақтөбе» ЖШС-нің директоры Д.Қайдароваға өз алғыстарын білдірді.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

  12 қазан күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында  Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сапарова Зәуреш Аманғалиқызының  қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»  атты әңгіме – сұхбат болып өтті.   

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png