«Балғын балалар – біздің болашағымыз»

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 1 маусым - Балаларды қорғау күніне байланысты «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты шара өтті. 

30 мамыр күні кітапхананың зағиптар және нашар көретін оқырмандарының балаларына мерекелік тарту ретінде Ақтөбе облыстық планетарийіне саяхат жасалды. 

«Ел жүрегі - Астана»

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты көрме дайындады.
Көрме – инсталляцияға Астананың әсем ғимараттарының макеті орналастырылды. Макеттер жасауда зағиптарға арналған оқу, жазу, тыңдау құралдары - Брайль жүйесі бойынша жазылған кітаптар, Брайль қағаздары, диск, грампластинка, рулон, лента және тифлоприборлар пайдаланылды.
Көрменің мақсаты: зағип жандардың қолмен ұстап көру арқылы жаңа Астананың әдемі келбетін сезіндіру.

«Табиғи талант иесі»

11.05.2018 Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған ҚР Журналистер одағының мүшесі, белгілі айтыс ақыны, аудармашы, ақын Нұрлыбек Қалауовпен «Табиғи талант иесі» атты поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Белгілі ақын Нұрлыбек Қалауовтың шығармашылығымен, ақын өлеңдерімен жиналған қауымды кеңінен таныстыру.

«Біздің Отанымыз -бірліктің берекелі бесігі»

26.04.2018 Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Біздің Отанымыз -бірліктің берекелі бесігі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана қол жетіп отырғандығын оқырмандарға насихаттау.
Кітапхананың оқу залындағы тыңдалымға көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар жиналды.

«Үміт үзгім келмейді»

12.04.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» аудио кітабының тыңдалымы болды.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету.

«Тайны и судьбы великих казахов»

04.04.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі (Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына арналып түсірілген) көрсетілді.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету.

«Жаңа күн – жақсылықтың бастауы»

15 наурызда Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Жаңа күн – жақсылықтың бастауы» тақырыбында Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шара өтті. 
Мақсаты: Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, оқырмандардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгендерін одан әрі толықтыру және салт – дәстүрлерімізді дәріптей отырып, мерекелік көңіл – күй сыйлау.

«Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – ұлы дәуір шежіресі»

21 ақпанда Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – ұлы дәуір шежіресі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Мақсаты: Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға ұмтылған халқымыздың энциклопедиялық тарихи шежіресі екендігін оқырмандарға насихаттау.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png