«59 – шы том»

    

     18 шілдеде  Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  36 жыл еңбек еткен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің, облыс әкімі сыйлығының иегері,  аға кітапханашы Н.В.Мальцеваның шығармашылығына арналған «59 – шы том» атты бенефис өтті.

Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейіне саяхат

 Бүгін 17 шілдеде  Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының зағип және нашар көретін оқырмандары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейіне саяхат жасады. Еліміздің мәдениетін, тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті.

«Бірлікке бастаған байрақты Астанам»

05 шілдеде Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ҚСҚ жанындағы оқу – өндірістік кәсіпорындырының цехында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бірлікке бастаған байрақты Астанам»

тақырыбында дауыстап оқу шарасын жүргізді. Шара соңы қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінде өткен кешпен жалғасты.

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның астанасы – әлем таныған Астанамызды, жастарымызды болашаққа бастайтын, өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналған бас қаламыздың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау.

«Астана – родина единства народа Казахстана»

Астанаға 20 жыл. Республикалық конкурс. Еңбек еленді. Жұмыс бағаланды.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық  кітапханасы  Астананың 20 жылдығына арнап   «Астана – родина единства народа Казахстана» атты  үздік Брайльша жазылған кітапқа  конкурс жариялаған болатын. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұжымы саусақтың ұшымен оқитын қауымға Астананың көркін келтіретін - Ақорда, Бәйтерек, Ханшатыр, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Гранд Алатау секілді әсем ғимараттары фетр материалға жылтырақ страздан өріліп, сәулеті  туралы деректер нүктелі-бедерлі Брайль қарпінде жазылып, «Айбыным, абыройым, Астанам», «Ее имя -Астана» деген атаумен байқауға  ұсынылды.

«Тайны и судьбы великих казахов»

«Руханият» қызығушылық клубы аясында көрсетілген «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмінің (М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналып түсірілген) ақпараты

Бүгін 27.06.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі (М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналып түсірілген) көрсетілді.

«Имя её -Астана»

«Имя её -Астана» деген атаумен Астананың 20 жылдығына арнап Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ерекше жандарға арналған шағын кітап құрастырды. Саусақтың ұшымен оқитын қауымға Астананың көркін келтіретін - Ақорда, Бәйтерек, Ханшатыр, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Гранд Алатау секілді әсем ғимараттары фетр материалға жылтырақ страздан өріліп, сәулеті туралы деректер нүктелі-бедерлі Брайль қарпінде жазылып ұсынылды.
Жинаққа ақтөбелік зиялы азаматтардың Астана туралы жылы пікірлері, жергілікті ақындардың өлеңдері енгізілді. Сондай-ақ ақын Е.Ашықбаевтың сөзіне жазылған композитор Қ.Айтбаевтың «Астана вальсі» әні Димаш Құдайбергеннің, Қанат пен Света Айтбаевтардың және топтық орындаудағы клипімен қоса CD дискіге жазылынып салынды.

«Ізгілікке толы ай - Рамазан айы»

Ізгілікке толы ай - Рамазан айындағы қайырымдылық шарасы Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында жалғасын тапты.
Қасиетті айда кітапхана қызметкерлері 1 топ көз мүгедегі арнаулы кітапхананың оқырманы,әлеуметтік жағдайы төмен отбасы Ж. Жаманбаевтың үйіне барып азық – түлік пакетін апарып қайырымды іс жасады.

«Ю. Быковтың «Дурак» атты көркем фильмі»

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында тифло-түсініктемесі бар Ю. Быковтың «Дурак» атты көркем фильмі көрсетілді.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізуге арқылы өзара қарым қатынасты нығайтуға ықпал ету.
Кітапхананың оқу залында өткен киносеансқа көзі көрмейтін және нашар көретін 11 оқыр - ман жиналды.
Фильм алдында кітапханашы М.Төлегенов бүгінгі киносеанс туралы түсініктеме берді.
Кино көрсетілімінен соң оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png