«Үміт үзгім келмейді»

10.10.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» аудио кітабының тыңдалымы болды. 
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету. 
Кітапхананың оқу залындағы тыңдалымға көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар жиналды. 
Тыңдалым алдында кітапханашы М. А. Тулегенов кітапта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болатындығын, науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой – толғаныстары Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілгені жөнінде қысқаша таныстырып өтті. 
Тыңдалым соңынан оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді. 

«Буккросинг»

03.10.2018 жылы Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен, «Қазақ соқырлар қоғамының» оқу-өндірістік кәсіпорын цехында белгілі өлкелік жазушы, драматург,Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына орай «Рухы биік жазушы» атты «Буккросинг»-кітап алмасу акциясы өтті. 
Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын кітап оқуға баулу.Оқып болған өз кітаптарын басқа кітапқа ауыстыруға мүмкіндік алады. 
(Кітап бізге өмірдің ғажайып құпияларын ашады. Жазушы драматург Ахтановтың қаламынан шыққан «Күтпеген кездесу», «Әпке», «Шырағың сөнбесін», «Қаһарлы күндер» еңбектері адамзатқа шалқар шабыт сыйлайды. Кітаппен тілдесу адамның дамуына жетілуіне көмектеседі. 
Кітап алмасу акцисы жағымды әсерге толы өтті.Оқырмандар Тахауи Ахтанов туралы толық мәлімет алды. 

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

28 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 
Мақсаты: Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істерін оқырмандарға насихаттау, ардагерлерімізді мерекелерімен құттықтау. 
Мерекелік кешке арнаулы кітапханада бірнеше жыл жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз Н. А. Қалауов, Н. В. Мальцева және А. Қ. Боранбаева, Ы. Анкапова арнайы шақырылды. Кеш өте әсерлі өтті, ардагер ұстаздарымызға арнап әндер шырқалды. Кеш соңынан зейнеткер ұстаздарымыз өз пікірлерін білдіріп, мереке қарсаңында осындай кеш сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді. 

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Хамзина Гульстан Гимранқызының ұзақ жылғы еңбегі еленіп, Еңбек күніне орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Отбасы – ұлттың тірегі»

12 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында танымдық сағат өтті. 

«Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі»

07 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі» тақырыбында көрме жасақталды. 
Мақсаты: Оқырмандарға отбасы – адамзаттың алтын ұясы, түп қазығы екендігін насихаттау. 
Көрмеге аталмыш тақырыпқа орай кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар және аудиокітаптар, СД дискілер қойылды. Кітапханаға келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасалынды. Оқырмандар шара соңынан кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. 

Ақтөбе облысының тұрғындарын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байкауына катысуға шақырамыз!

ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің қүрамындағы Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикаларының өзара іс-әрекеті нэтижесінде 2018 жылдың 19 қарашасына дейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты халықаралық байқауы өткізілуде.

Экскурсия

11 тамызда  «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы»  ММ қолдауымен  «QazaqTourism» туроператоры  кітапхананың зағип және нашар көретін  оқырмандарына, қала тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбе қаласы бойынша  тегін шолу экскурсиясын ұйымдастырды. Экскурсия барысында  оқырмандар қаламыздағы  тарихи – мәдени ескерткіштер, туристік объектілер мен қаламыздың көрікті жерлері  туралы тың  мәліметтер алды. Экскурсия  қазақ және орыс  тілдерінде өтті, экскурсия ұзақтығы  2 сағатқа созылды. Қаланы саяхаттау үшін оқырмандар «Мәңгілік алау» кешеніне ( 5 мөлтек аудан) жиналды. Экскурсия соңынан оқырмандар мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png