"Ты в этом мире не один "

По итогам голосавания интернет акции "Ты в этом мире не один " организованной Костанайской областной спецбиблиотекой Актюбинская областная спецбиблиотека заняла 
1 место. ПОЗДРАВЛЯЕМ!

«Теңге тәуелсіздік нышаны»

15 қарашада Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ҚСҚ жанындағы оқу-өндірістік кәсіпорындарының цехында 
«Теңге тәуелсіздік нышаны»тақырыбында дауыстап оқу жүргізілді. 
Мақсаты: Оқырмандарды ҚР ұлттық валютасының тарихымен таныстыру. Қазақстанның ұлттық ақшасының енгізу- Тәуелсіздігіміздің қалыптасуына, сондай- ақ еліміздің экономикалық және саяси өміріне қосылған жарқын қадам болды. Оқырмандар ұлттық теңгеміз жөнінде толық мәлімет алды. 

Брайль жүйесі бойынша көз мүгедектерінің арасында «диктант»

9 қараша күні Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай «Руханият» апталығы аясында Брайль жүйесі бойынша көз мүгедектерінің арасында «диктант» жазу өткізілді. Диктантқа нүктелі-бедерлі қаріппен терілген биылғы Астана қаласының 20 жылдығына арналған А. Дубицкийдің «Город на Ишиме» шығармасы таңдалып алынды. 
Мақсаты: Нүктелі-бедерлі қаріппен терілген әдебиеттерді жазуды кеңінен насихаттау, оқырмандардың нүктелі-бедерлі қаріппен терілген әдебиеттерді жазу барысында саусақтарын жаттықтыру. 
Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталды. Астана қаласының көрікті жерлері бейнеленген «Ең үздік инсталляциялық көрме» макетіне библиографиялық шолу жасалынды. Шара соңында қатысушыларға естелікке сый-сыяпат берілді.

«Салауатты өмір салты - сіздің денсаулығыңыздың кепілі»

8 қараша күні «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ң қатысуымен «Салауатты өмір салты - сіздің денсаулығыңыздың кепілі» атты ашық есік күні өтті. Ашық есік күні арнаулы кітапхананың оқу залында «Арасан Ақтөбе» ЖШС-нің дәрігерлері көз мүгедектері мен олардың отбасы мүшелерін толық медициналық тексеруден өткізіп кейбіреулеріне кеңестер берді. Жергіліікті телеарнамыз «Рика Тв»-ның түсірілім тобы шақырылып дәрігерлер мен оқырмандардан сұхбат алды. Шара соңында бірінші топ көз мүгедектері осындай қамқорлықтар жасағаны үшін «Арасан-Ақтөбе» ЖШС-нің басшылығына, бөлім меңгерушісі А. Айткуловаға өз алғыстарын айтты.

«Парасатты өмір»

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының кітапханашысы зағип жан Тулегенов Мақсат Амантайұлы аймақтық «Парасатты өмір» форумына қатысып, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Азаматтарға арналған үкімет»

06.11.2018 ж. Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Электронды қызмет – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін» 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Асел Мұстафина зағип оқармандарымызға электронды қызмет түрлерін таныстырып, қолдану жолдарын түсіндірді. 

«Когда строку диктует чувства...»

24 қазанда ақын, 1 топ көз мүгедегі Валерий Мартыненконың шығармашылығына арналған «Когда строку диктует чувства...» атты Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының Орынбор облыстық зағиптар кітапханасымен бірлескен онлайн поэзия кеші өтті. 
Мақсаты: Валерий Мартыненконың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақынның шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Онлайн поэзия кешіне ақын, 1 топ көз мүгедегі Валерий Мартыненко, кешке шақырылған қонақтар, облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми - әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінің меңгерушісі Р. Карагулова, Орынбор және арнаулы кітапхана оқырмандары қатысты.

«Сезім сыры»

19 қазанда Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Сезім сыры» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандар мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Бұл шарада оқырмандарға ерекше көңіл – күй сыйлаған облыстық халық шығармашылық орталығының ұжымына алғысымыз шексіз. 

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png