«Живи книга»

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Живи книга» акциясын ұйымдастырды. Шараға жалпы орта білім беретін №5 мектептің 3«в» класс оқушылары класс жетекшісі Нечепурная Светлана Владимировна қатысты. Oқушылар кітапханаға өз қолдарымен жасаған «Кішкентай кітапшаларын» сыйлады. Шара соңында кітапхана директоры Г.Г. Хамзина белсенді оқушыларға арнайы сертификаттар табыстады. 

«Рожденные в СССР»

Кітапханада «Рожденные в СССР» ретро кеш болып өтті. Өткен күн тарих. Оқырмандар кеңес кезеңіндегі өткен жастық шақтарын еске түсіріп, сол дәуірдегі танымал әндерді орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы З.С. Лобыкина С. Ротарудың репертуарынан бірнеше әндер орындады. Шара соңында кешке қатысқан қонақтар кітапхана ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. 

"Қазақтың қара өлеңі-құдіретім"

Сүйінші оқырмандар! Қадірлі жыр сүйер қауым! 9 ақпан қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали ақынның туған күніне арналған "Қазақтың қара өлеңі-құдіретім" көркемсөз оқу байқауынан кітапхананың кішкентай оқырманы Мукашева Томирис Асқарқызы ГРАН-ПРИге ие болды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Шығыстың ұлылары»

30.01.19 ж. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Ақтөбе қаласының Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы орта білім беретін мектебімен бірлесе, «Шығыстың ұлылары » атты танымдық сағатын өткізді. 

«Бүгінгі оқырман-ертеңгі көшбасшы»

24.01.19 ж. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Ақтөбе қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебімен бірлесе, жас ұрпақты кітап әлемінің ғажайыптарына жетелейтін «Бүгінгі оқырман-ертеңгі көшбасшы » атты танымдық сағатын өткізді. 
Мақсаты: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақты әр істе сауатты, парасатты көшбасшы болуға баулу. 

«Мой ласковый, нежный зверь»

10. 01.19 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Мой ласковый, нежный зверь» атты тифлокино. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету. 
Кітапхананың оқу залында көрсетілген деректі фильмге көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар жиналды. 
Тифлокино көрсетілер алдында кітапханашы М. А. Тулегенов А. П. Чеховтың романы жөнінде қысқаша таныстырып өтті. 
Көрсетілім соңынан оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді. 

«Төрлет жаңа жыл»

28 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ҚСҚ қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе зағип жандарға арналған «Төрлет жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік шарасын өткізді. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Республика көлемінде зағиптар кітапханалары арасында байқауларда жүлделі орындарға ие болып, Ресей Федерациясының зағиптар кітапханаларымен халықаралық шығармашылық жұмыстар жүргізгені үшін Ақтөбе облыстық зағиптар жəне нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы облыс əкімі Б.Сапарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png