"Балғын балалар-біздің болашағымыз"

1 маусым күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай зағип оқырмандардың балаларына арнап "Балғын балалар-біздің болашағымыз" атты мерекелік шара өткізді.

 Дәстүрге айналған бұл мереке жарыс түрінде өтті. Балалар екі топқа бөлініп эстафеталық ойындар ойнап,  қойылған логикалық  сұрақтарға жауап беріп, еркін тақырыпта  суреттер салды. Сонымен қатар көңілді әндер шырқалып, тақпақтар айтылды. Шара соңында екі топта тең түсіп барлық балаларға бірінші топ көз мүгедектері Қуаныш Ақпақов, Салтанат Бақтыбаева және «АЙС» ЖШС-ның демеушіліктерімен  берілген балмұздақ және йогурттар,  тәттілер салынған сыйлықтар жиынтығы үлестірілді. Мекеме қызметкерлері  ертегі әлемі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, шараны қызықты әрі көңілді жүргізді. Шара соңында  балалар заманауи әндерге  би билеп,  ризашылықпен мерекелік көңіл күйде тарқасты