«Бабалар рухына тағзым»

18 мамыр күні  облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұжымы Есет ата Көкіұлы кесенесіне барып  «Бабалар рухына тағзым»  атты танымдық шара өткізді. Шараны ашқан осы кітапхананың директоры Г.Г.Хамзина қазақ мемлекеттігін құрудағы халық батырларының қосқан үлестері туралы жан-жақты шолу жасап, Есет Ата Көкіұлы туралы тарихи деректер туралы әсерлі әңгіме айтты.Ата кесенесіне зиярат етуге келген Ақтөбе, Алға қаласының және Бестамақ ауылының тұрғындары Есет Атаның жеті атасы туралы, Бұқарадағы Көкілташ медресесінің тама Көкі батырға қатысы туралы, т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Арнаулы кітапхананың кітапханашысы Д.Шынтаева Батыр бабаның ерліктері және осы тақырыпта зерттеген тарихшы- ғалымдар М.Тынышпаев, С.Толыбеков, Т.Үсенбаев, Х.Табылдиев, Х.Досмұхамедов, З.Байдосовтардың еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Есет ата кесенесіне шырақшы болып,  келушілерге имандылық үлгілерін насихаттап жүрген Мирманов Сәкен Базарбайұлы әруақты құрметтеу, құран бағыштау, садақа берудің рәсімдері туралы келелі әңгімелер айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кесенеге келушілер кітапхана қызметкерлеріне әруаққа тәу етуден басқа да ғибратты мәселелерді осындай киелі орындарда насихаттағандары үшін алғыстарын білдірді.

Шара соңында Ата әруағына Құран бағышталып, жеті нан таратылды.