9 мамыр Жеңіс күніне арналған тарихи кеш

2017 жылдың 04 мамыр күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында  9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіс – ұрпаққа ұлағат»тақырыпта тәрбиелік, танымдық  маңызы зор тарихи кеш болып өтті.

 Шараға арнайы қонақ ретінде кітапханың тұрақты оқырманы, тыл ардагері Қажым Мұхиев шақырылды. Ардагер өз сөзінде сол замандағы тыл еңбеккерлерінің  бастан өткен қиындықтарын баяндады. Кездесу барысында кеш қонақтары ардагерге  балалық шағы, соғыс кезінде тыл адамдарының  бастан кешкендері, өмірлік ұстанымы туралы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кеш әрі қарай ардагерге арнап ұйымдастырылған шағын концертпен жалғасын тапты.Кітапхананың тұрақты, белсенді оқырмандары  Зоя Лобыкина«Младший лейтенант», Салтанат Бақтыбаева  «Катюша», атты әндерін орындап,Қуаныш Ақпақов «Жеңіс күні» атты өлең оқыды. Сонымен қатар № 5 жалпы білім беретін орта мектептіңөнерлі  оқушыларыпатриоттық тақырыпта әндер айтып, көрермен ризашылығына бөленді.

Шара соңында кеш көрермендерінетақырыпқа сай жасақталған «Мәңгілік ұлықталар - Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесінебиблиографиялық шолу жасалынып, "День Победы" атты видеоролик назарларына ұсынылды.