1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік кеш

                                                

 27 сәуір   күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  «Ел бақыты – халық бірлігі» атты мерекелік кездесу кеші болып өтті.

             Аталмыш мереке қарсаңында жыл сайын кітапхана оқырмандарының әр түрлі ұлт өкілдерімен кездесуі дәстүрге айналған болатын. Сол дәстүр осы жылы да жалғасын тапты. Бұл жолы қонақ ретінде Ақтөбе облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" мекемесінің "Қазақстан кәрістері қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филилалының шығармашылық ұжымы  шақырылды. Ұжымның көркемдік жетекшісі Ажгалиева Галина Леонидовна өз сөзінде орталықтың қызметіне тоқталып, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және халық шығармашылығын дамытудағы атқарылып жатқан орасан зор жұмыстарды айрықша атап өтті. Кәріс өкілдіктерінен құрылған «Ариран»  вокалды, «Спаркл» хореографиялық, «Самульнори»  ансамбльдері  өз ұлттық аспаптарын таныстырып, өз өнерлерімен көрермендердің  ыстық ықыласына бөленді.

            Кеш соңында жиналған қауымға Ақтөбе  облысы этномәдени бірлестіктері жайлы әдебиеттерден тұратын «Достық пен келісім – Елдігіміздің ұйытқысы» атты кітап көрмесі таныстырылды.