«Балғын балалар біздің болашағымыз»

30.05.2019 1 маусым Балаларды қорғау күні - ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі. Мерекені сезіну ,балалық шақтарын бақытты өткізуге , елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу мақсатында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараны арнаулы кітапхана директоры Гүлстан Ғимранқызы бүлдіршіндерге арнаған ақ тілегімен ашты. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа , бірлікке тәрбиелеу ата-ана мен кітапханашының тікелей міндеттерінің бірі.

Аталмыш шараға Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Рима Убайдуллақызы «Балаларға базарлық» көрмесімен таныстырып, шарамыздың кішкентай қонақтарына жұмбақ жасырып, ойындар ойнатты. Сондай-ақ белсене қатысқан оқырмандарға әкелген тәттілер үлестірді. Балалар ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты мерекеде Арнаулы кітапхананың кішкентай оқырманы , Мұқағали оқуларының екі мәрте бас жүлде иегері Мукашева Томирис өлең оқып берді. 
Қуаныш,шаттық сыйлайтын мейрам күні ҚСҚ төрағасының у.м.а Сырлыбай Кубайдуллаұлы: «Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті , қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке. Осы мерекеге орай аз ғана дайындаған сыйымыз бар. Балалар барлығы сендерге арналады.» - дей келе шараға келген бүлдіршіндерге балмұздақ таратып, ойыншықтар үлестірді.