«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»

06.05.19 ж. Арнаулы кітапханада «Отан қорғаушылар күні» мен 
«Ұлы жеңіс» күніне орай «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты мерекелік шарасы өтті. Ерліктің туын желбіреткен ерлеріміздің мерекесі арнаулы кітапхана оқырмандарына ерекше әсер қалдырды. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзеткен батыр бабалардың ерлігі мәңгі жанымызда сақталады. 

Мерекелік шараға Ақтөбе аймақтық «Славян» орталығының өнерпаздары қатысып, кітапхананың оқырмандарымен сұрапыл соғыс жылдарындағы әсем әуендерін жанды дауыста шырқады. Шара соңында Арнаулы кітапхана ұжымы «Славян» орталығынан келген өнерпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, алдағы уақытта әріптестік байланыс жалғасын таба беретініне сенім білдірді.