«Рухани жаңғыру-Ұлттық рухтың жаңғыруы»

 

      Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының «Бәсекелік қабілет»  бағыты ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді.

Осы орайда, Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Рухани жаңғыру-Ұлттық жаңғыруы» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.  Шараға арнайы қонақ ретінде Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Қыдырғали Мұхитұлы, Ақтөбе облысы әкімінің аппараты ММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы -Алдаберген Әбілхан Ермағамбетұлы, Жас Отан жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы - Асылжан Бүркіталин шақырылды.

           Бірінші болып сөз алған басқарма басшысының орынбасары – Қыдырғали Мұхитұлы  Елбасының өз елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдердегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің жоғары бағасын алған бағдарламалық мақаласының маңызы мен мақсат-мұраты жайында егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар елбасы мақаласын насихаттау мақсатында облыстағы өткізілетін мәдени іс-шаралар жоспары, жүзеге асырылуы барысына тоқталып өтті.

       «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы - Алдаберген Әбілхан Ермағамбетұлы өз сөзінде: Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасына тоқталып өтіп, келешекте ұлтымыз табысты болуы үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, сана-сезімі жоғары, білімді, сауатты болуы, ұлттық кодты, мәдениетті сақтап, жаңа заман жетістіктерін бойға сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтармен рухани жаңғырып, мақалада айтылғандарды іс жүзіне асыруға барлығымыз ат салысуымыз қажет - деп өз пікірін білдірді.

.            Жас Отан жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы - Асылжан Бүркіталин: жалпы, бұл мақаладағы бар­­лық  көтерілген  мәселелердің  үштен бірі­­не жуығы тікелей өскелең ұр­­пақ­­қа қатысты.  Жастардың борышы – Президенттің бағдарламалық мақаласында Елбасы қойған міндеттерді түсіну және зерделеу екендігіне кәміл сенімдімін-деп өз ойын білдірді.

Шара барысында Елбасы мақаласына  арнайы әзірленген бейнеролик оқырмандар назарына ұсынылып, ел болашағын баянды етуге бағытталған бағдарламаның ұлтымыз үшін аса маңыздылығы, өнегесі өрелі екендігі жайлы пайымды пікірлер мен тұжырымды ойлар ортаға салынды. Қонақтарға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, барлығына тұшымды жауап берілді.

Шараның қорытындылау сөзін алған арнаулы кітапхана директоры Гүлстан Ғимранқызы: «Рухы биік, ерең еңбегі, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін аянбай еңбек етейік. Тәуелсіздігіміздің тухын берік ұстай отырып, ұрпақтарымыздың жарқын келбетті болашағы жолында игілікті шараларды бірлесе отырып атқарайық. Жаһандық ауқымдағы дағдарысты бірлесе жеңе білейік» - деген ізгі тілегін білдірді. Оқырмандар  шара соңында кітапханада ұйымдастырылған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесімен танысты.