«Үміт үзгім келмейді»

10.10.18 күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» аудио кітабының тыңдалымы болды. 
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету. 
Кітапхананың оқу залындағы тыңдалымға көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар жиналды. 
Тыңдалым алдында кітапханашы М. А. Тулегенов кітапта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болатындығын, науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой – толғаныстары Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілгені жөнінде қысқаша таныстырып өтті. 
Тыңдалым соңынан оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді.