«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

28 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 
Мақсаты: Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істерін оқырмандарға насихаттау, ардагерлерімізді мерекелерімен құттықтау. 
Мерекелік кешке арнаулы кітапханада бірнеше жыл жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз Н. А. Қалауов, Н. В. Мальцева және А. Қ. Боранбаева, Ы. Анкапова арнайы шақырылды. Кеш өте әсерлі өтті, ардагер ұстаздарымызға арнап әндер шырқалды. Кеш соңынан зейнеткер ұстаздарымыз өз пікірлерін білдіріп, мереке қарсаңында осындай кеш сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді.