«Отбасы – ұлттың тірегі»

12 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында танымдық сағат өтті. 

Мақсаты:Оқырмандарға отбасы –адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігіекендігін насихаттау.Оқырмандардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Танымдық сағат Отбасы дегеніміз не?деген жалпы сұрақтан басталып, Отбасы –тәрбие бастауытақырыбында пікір алмасумен жалғасты. Әсіресе жеке пікірлер білдіруде оқырмандар белсенділік танытты.Кеш ән шашу менмерекелік дастарханға ұласты. 
Оқырмандар шара соңынан кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.